Ақын болу үшін не қажет?

          Әр қазақтың баласының бойында ақындық қасиеті бірге өмір сүреді. Сол қабілетті ояту үшін не істеу қажет? Міне, бүгін дәл осы сұрақтың жауабын білеміз! 
          Өлең шығарып үйрену екі-үш күнде үйренетін зат емес. Ол көп уақытты талап ететін үлкен өнер. Сондықтан оны үйрену үшін үлкен сабырлылық қажет.Және бұл кез-келген уақытта атқаратын жұмыс емес, үлкен шабытты қажет ететін жұмыс. 
          Ең алдымен өлең шығару үшін ақындардың шығарған өлеңдерін оқу керек. Мен ақиық ақын М.Мақатаевтің өлеңдерін оқуды ұсынамын. Екіншіден қазақ сөздерін жетік білу қажет. Әдеби кітаптарды көп оқу қажет. Бұл тілдік қорды көбейтеді. Ең бастысы ұйқас түрлерін білу керек. Бұл көп көмектеседі!
          Сонымен өлең шығаруды бастасақ ең алдымен тақырыбы керек. Тақырыпты кез келген сөзден жасауға болады.Бірақ, бір ескере кететін жағдай-ол сол тақырыптың мазмұны болуы керек. Яғни қысқаша мәтіні. Сол мәтіннен ауытқымай өлең жазу керек. 
          Ендігі кезекте ұйқасын табу. Ол үшін олеңнің бірінші жолын ойлап, сол жолдың соңғы буындарына ұйқасатын сөздерді тауып топтап жазып қойуыңызға болады. Бұл керек іс. Ендігі кезек сол ұйқасатын сөздің мағынасын толтыратын, тақырыпқа қарай бұратын сөздерді тауып бірінші жолдың буын санына теңеу керек. Содан кейін жаңа тармақты орналастыру керек. 
          Өлеңді шығарып болған соң толық оқып шығып, аздаған түзетулер енгізгеніңіз дұрыс! Ұйқаспай қалған, көңілге ұнамаған жерлерін өңдеу керек.
       
    
          Міне жаңа өлең дайын. Енді оны басқаларға жариялаудан қысылмау керек!

Комментарии